Қазақстан чемпионаты: "Тобыл" мен "Жетісу" матчта тең түсті
Жарияланған күні:
Читать на русском
Қазақстан премьер-лигасының (ҚПЛ) 29-туры аясында өткен матчта қостанайлық "Тобыл" талдықорғандық "Жетісумен" тең түсті, деп хабарлады KAZ.NUR.KZ.
24 қазанда өткен кездесу 1:1 есебімен аяқталды.
Алаң қожайындары есепті 14-минутта ашты. Цотне Мосиашвилидің нәтижелі пасынан кейін Асхат Балтабеков гол соқты.
Екінші таймда қостанайлықтар таразы басын теңестіре алды. 70-минутта Амин Талал дәл соққы жасап, есеп 1:1 болды.
Осылайша, командалар ҚПЛ 29-турының қорытындысы бойынша тең түсті.
Қазіргі уақытта "Тобыл" еншісінде 41 балл бар және жетінші сатыға жайғасқан. "Жетісу" 26 ұпаймен ҚПЛ турнирлік кестесінің 15-сатысында тұр.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/football/2447492-qazaqstan-chempionaty-tobyl-men-zhetisu-matchta-teng-tusti/