jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    "Оқжетпес" футболдан Қазақстан чемпионаты матчында "Каспийді" ойсырата жеңді

    "Оқжетпес" ФК
    "Оқжетпес" ФК. Фото: "Оқжетпес" ФК баспасөз қызметі

    Көкшетаулық "Оқжетпес" футбол клубы Қазақстан премьер-лигасының 29-туры аясындағы матчта ақтаулық "Каспийді" ойсырата жеңді, деп хабарлады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    24 қазанда өткен кездесу алаң иелерінің пайдасына 3:0 есебімен аяқталды.

    Матчтағы есеп ойынның тоғызыншы минутында ашылды. Шахбоз Умаровтан пас алған Иван Кузьмичев көзге түсті.

    Екінші таймда алаң иелері басымдықты нығайта түсті. 54-минутта Владислав Васильев Нұрғайни Бөрібаевтың пасынан кейін есепті еселеді.

    83-минутта Еркебұлан Нұрғалиев қонақтардың қақпасына үшінші голды соқты.

    Осылайша, "Оқжетпес" 29-тур қорытындысы бойынша үш ұпай еншілеп, 3:0 есебімен сенімді жеңіске жетті.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram