Рафаэль Уразбахтин "Қайрат" ФК бас бапкері қызметінен кетті
Жарияланған күні:
Читать на русском
"Қайрат" ФК бас бапкері Рафаэль Уразбахтин өз еркімен қызметінен кету туралы өтініш жазды. Оның өтінішін клуб басшылығы қанағаттандырды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Қайрат" ФК баспасөз қызметінің мәліметінше, "Қайрат" бас бапкері Рафаэль Уразбахтин өз еркімен қызметінен кету туралы шешім қабылдады. Клуб басшылығы оның өтінішін қанағаттандырды.
"Рафаэль Радикович 2024 жылғы қыркүйекте негізгі команданың бас бапкері атанып, алғашқы маусымының қорытындысы бойынша сары-қараларды Қазақстан чемпионы атандырды.
2025 жылы оның жетекшілігімен "Қайрат" Қазақстан Суперкубогын жеңіп алып, чемпиондық атағын қорғады және клуб тарихында алғаш рет УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне жолдама алды. Ал 2026 жылғы маусымда команда УЕФА Конференция лигасының жалпы кезеңіне шығып, Қазақстан чемпионатында күміс жүлдегер атанды", - делінген клубтың Instagram-дағы ресми парақшасында жарияланған жазбасында.
Бас бапкердің міндетін бұған дейін "Қайрат-Жастарды" басқарған Жора Арутюнян атқарады. Оның жетекшілігімен команда "Алтайға" қарсы алдағы матчқа дайындалады.
"Қайрат" футбол клубы Рафаэль Уразбахтинге атқарған жұмысы, кәсібилігі, клуб тарихына қосқан өлшеусіз үлесі үшін шынайы алғыс айтты.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/football/2447807-rafael-urazbahtin-qairat-fk-bas-bapkeri-qyzmetinen-ketti/