19 жастағы Ламин Ямаль қатарынан үшінші рет әлемнің үздік жас футболшысы деп танылды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Испаниялық шабуылшы Ламин Ямаль 21 жасқа дейінгі әлемнің үздік жас футболшысына берілетін Копа трофейін қатарынан үшінші рет иеленді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Марапаттау рәсімі "Алтын допты" табыстау кезінде Лондондағы "Палладиум" театрында өтті. Ямальға жүлдені аты аңызға айналған украиналық футболшы Андрей Шевченко табыстады.
Жүлде иегері 2025/26 жылғы маусымның қорытындысы бойынша анықталды. Ол кезде Ямаль "Барселона" сапында Ла Лига мен ел Суперкубогын жеңіп алды. Ал Испания құрамасымен бірге әлем чемпионатында топ жарды.
Өткен маусымда шабуылшы клубтық және ұлттық құрама деңгейінде барлығы 57 матч өткізіп, 25 гол соқты және 20 нәтижелі пас берді.
Бұған дейінгі екі жылда да Ямаль Копа трофейін жеңіп алған еді. Бұрын-соңды бұл жүлдені ешкім қатарынан үш рет иеленген емес.
Копа трофейі үшін таласта үздік бестікке сондай-ақ "Барселонаның" испаниялық қорғаушысы Пау Кубарси, "ПСЖ-ның" франциялық жартылай қорғаушысы Уоррен Заир-Эмери, "Баварияның" германиялық хавбегі Леннарт Карл және маусымды "РБ Лейпцигте" өткізіп, кейін "Реалға" ауысқан Кот-д’Ивуар шабуылшысы Ян Диоманде кірді.
Әйелдер арасында осындай марапатты қатарынан екінші рет 20 жастағы Вики Лопес иеленді. Ол "Барселона" мен Испания құрамасында шабуылдаушы жартылай қорғаушы позициясында ойнайды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/football/2447904-19-zhastagy-lamin-iamal-qatarynan-ushinshi-ret-alemning-uzdik-zhas-futbolshysy-dep-tanyldy/