jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    "Қазақстан халқына алғыс": Нани "Ақтөбемен" қоштасты

    Футболшы Нани
    Футболшы Нани. Фото: James Gill - Danehouse/Getty Images

    "Ақтөбе" клубының португалиялық футболшысы Луиш Нани желідегі ресми парақшасында жазба жариялап, қазақстандық жанкүйерлермен қоштасты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    39 жастағы вингер кәсіби мансабын қайта жалғастырып, бір маусымды "Ақтөбе" сапында өткізді.

    Алматылық "Қайратпен" өз алаңында өткен тең ойыннан (2:2) кейін португалиялық футболшы Ақтөбемен және жергілікті команда жанкүйерлерімен қоштасты.

    "Бұл менің Ақтөбеде өз алаңымызда өткізген соңғы матчым болды. Бұл қызықты кезең де аяқталып қалды. Дегенмен біз қандай керемет жолды бірге жүріп өттік! Осы бір тамаша клубтағы барша жанға, осы қала мен күллі Қазақстанның ақжарқын тұрғындарына бірге өткізген әрбір сәт пен маған сыйлаған қуаныштары үшін алғыс айтамын.

    Лигада тағы бір матчымыз қалды, бірақ мен қазір-ақ бұл кезеңдегі жып-жылы сәттер мен естеліктер мәңгі жадымда қалатынын айтқым келеді", - деп жазды Нани Instagram-дағы парақшасында.

    Атақты футболшы ҚПЛ-дегі 22 кездесуде бір гол соғып, төрт нәтижелі пас берді. Сондай-ақ ол Қазақстан кубогының екі матчында тағы екі рет мергендігімен көзге түсті.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram