jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    БАҚ: Мао Цзэдун туралы әзілдеген Мбаппе қытайлық брендтермен келісімшарттан айырылды

    Фарнциялық футболшы Килиан Мбаппе
    Килиан Мбаппе. Фото: Alvaro Medranda/Quality Sport Images/Getty Images

    Мао Цзэдун туралы орынсыз әзілі Килиан Мбаппені бірден бірнеше қытайлық компаниямен ынтымақтастықтан айырды, деп хабарлайды "Известияға" сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Jiefang Daily газетінің мәліметіне сүйенген басылымның жазуынша, франциялық футболшы Килиан Мбаппе қытайлық Eastroc Beverage және Mengniu Dairy компанияларымен жарнамалық ынтымақтастығынан айырылған. Бұған спортшының Қытайдың бұрынғы көшбасшысы Мао Цзэдун туралы айтқан әзілі себеп болған.

    Әріптестікті тоқтататынын алғашқылардың бірі болып Dongpeng Beverage Group жариялаған.

    "Жаңа ғана Dongpeng Beverage Group Килиан Мбаппемен ынтымақтастықты тоқтатқаны туралы мәлімдеме жариялады", - делінген жарияланымда.

    Компания ұлттық қадір-қасиетке нұқсан келтіретін кез келген әрекетке қарсы екенін атап өтіп, мұндай қылықтарға мүлдем төзбейтінін мәлімдеді. Дәл осындай шешімді Eastroc тобына кіретін Bushu La электролитті сусындар бренді де қабылдаған.

    Жанжалға мадридтік "Реал" футболшысының сүйікті интернет-мемдері туралы айтқан сұхбаты себеп болған. Қытайлық БАҚ атап өткендей, оның кейбір пікірлері Қытайға қатысты қорлау сипатында қабылданған. Мбаппе өзінің сүйікті мемі – графикалық редактор арқылы өңделіп, белгілі бір "қытайлық диктатордың" бетіне өз келбеті қойылған сурет екенін айтқан.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram