jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    "Елімай" футбол клубының өкілдері бас бапкеріне қатысты мәлімдеме жасады

    Андрей Карпович
    Андрей Карпович. Фото: instagram.com/a.karpovich/

    Семейлік "Елімай" футбол клубы бас бапкер Андрей Карповичпен жұмыс аяқталғанын мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ команданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    "Елімай" футбол клубы өкілдерінің мәліметінше, екі тараптың өзара келісімі бойынша ынтымақтастық аяқталған.

    "Андрей Владимирович команданы 2023 жылдың 7 қарашасында қабылдап, қайта түлеген "Елімайдың" жаңа тарихындағы маңызды тұлғалардың біріне айналды.

    Оның жетекшілігімен клуб қалыптасу мен даму жолындағы маңызды кезеңнен өтті. 2024 жылғы маусымда "Елімай" Қазақстан премьер-лигасындағы орнын нық бекітсе, 2025 жылғы маусым қорытындысы бойынша Қазақстан чемпионатында төртінші орын алып, УЕФА Конференция лигасына қатысу құқығына ие болды.

    2026 жылдың шілдесінде команда Еуропа аренасындағы алғашқы ойынын өткізіп, еурокубоктерде дебют жасады. Қарсылас Ереванның "Алашкерт" клубы болды. Бұл оқиға клуб үшін ғана емес, бүкіл семейлік футбол үшін маңызды тарихи белеске айналды", - делінген жазбада.

    "Елімай" ФК Андрей Владимировичке кәсібилігі, өз ісіне деген адалдығы, атқарған еңбегі мен команданың дамуына қосқан елеулі үлесі үшін шынайы алғысын білдірді.

    Андрей Карповичпен бірге клубтан Фёдор Симиниди де кететіні белгілі болды.

    Алдағы матчта бас бапкер міндетін семейлік футболдың түлегі, клубтың жастар командасының жаттықтырушысы Серікбек Каппаров атқарады.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram