Ташкентте қарағандылық 16 жас футболшы ауруханаға түсті
Жарияланған күні:
Читать на русском
Ташкентте қонақүйде таңғы ас ішкеннен кейін қарағандылық 16 жас футболшы ауруханаға түсті. Оқиғаға қатысты Қарағанды облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасы түсініктеме берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Ведомствоның баспасөз қызметі хабарлағандай, 2026 жылғы 28 қазан мен 2 қараша аралығында Ташкентте (Өзбекстан) "Dostik Cup" халықаралық футбол турнирі өткен.
Турнирге Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстаннан келген командалар қатысқан.
Турнирде Қарағанды облысының намысын үш жас санаты бойынша (2014, 2018, 2019 жылғылар) "Jas Batir", "Nomad Akademiya" және "Skaut" жекеменшік футбол мектептері (клубтары) қорғаған.
Барлығы 60 бала, 32 ата-ана және 4 жаттықтырушы барған. Командалардың іссапар шығындары жеке қаражат есебінен өтелген.
Қазіргі уақытта 16 бала, 1 бапкер және 11 ата-ана ауруханаға жатқызылып, стационарлық ем қабылдап жатыр (№5 қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы).
Басқарма аталған азаматтардың Ташкенттегі қонақүйде тұрып, сол жерден тамақтанғанын мәлімдеді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/football/2450771-tashkentte-qaragandylyq-16-zhas-futbolshy-auruhanaga-tusti/