jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Криштиану Роналду Португалия құрамасындағы мансабын аяқтады

    Криштиану Роналду
    Криштиану Роналду. Фото: Molly Darlington/Getty Images

    Әйгілі португалиялық футболшы Криштиану Роналду ұлттық құрамадағы мансабын аяқтайтынын мәлімдеді. Ол бұл туралы Instagram-дағы парақшасында жарияланған видеоүндеуде айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    41 жастағы шабуылшы жариялаған бейнероликте оның қоштасу сөзімен қатар ұлттық құрама сапында өткізген жарқын сәттері көрсетілген.

    "Бүгін менің ұлттық құрама сапындағы даңғыл жолым аяқталды. Мен басымды тік көтеріп кетіп барамын. Осы жүріп өткен жолымды және Португалия үшін барымды бергенімді мақтан тұтамын. Дегенмен мен әрдайым сіздермен бірге боламын. Бұрынғыдай Португалияның әрбір жеңісіне шын жүректен қуанып, алаңдап, жанкүйер болып, бірге тойлайтын боламын.

    Мен бүкіл ғұмырымды әлемнің ең үздік ойыншысы болуға арнадым. Ал қазір мен үшін ең басты жеңіс – әлемдегі ең үздік елдің намысын қорғау бақыты екенін түсіндім", - деп түйіндеді футболшы.

    Роналду Португалия құрамасы сапында алғаш рет 2003 жылғы тамызда алаңға шықты. Ол ұлттық құрамамен бірге Еуро-2016 турнирінде және Ұлттар лигасының екі маусымында топ жарды, сондай-ақ Еуропа чемпионаттарының күміс және қола жүлдесіне ие болды. Шабуылшы құрамада барлығы 234 матч өткізіп, 146 гол соқты. Бұл – ұлттық құрамалар деңгейіндегі рекордтық көрсеткіш.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram