"Алтын дубльден" кейін "Ордабасының" бас бапкері қызметінен кетті
Жарияланған күні:
Читать на русском
Молдовалық маман Андрей Мартин "Ордабасының" бас бапкері қызметінен кетті, деп хабарлайды шымкенттік футбол клубының ресми мәлімдемесіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
52 жастағы маман мен "Ордабасы" басшылығы еңбек шартын ұзартпау туралы ортақ шешімге келген.
"Ордабасы" футбол клубы Андрей Михайловичке атқарған еңбегі, кәсіби біліктілігі және команданың жетістіктеріне қосқан зор үлесі үшін шынайы алғыс білдіреді.
Андрей Мартин "Ордабасының" жаңа тарихын жазуға атсалысып, клуб шежіресінде өшпес із қалдырды. Команданы тұңғыш "алтын дубльге" жеткізген бас бапкердің есімі клуб тарихында мәңгі сақталады. Андрей Михайловичке алдағы бапкерлік жолында толағай табыс пен жаңа жеңістер тілейміз!" - делінген клуб мәлімдемесінде.
Андрей Михайлович 2024 жылғы желтоқсанда "Ордабасының" негізгі командасына бас бапкер болып тағайындалып, алғашқы маусымда-ақ ұжымды Қазақстан кубогының финалына алып шықты.
2026 жыл шымкенттік клуб үшін тарихи маусым болды. Андрей Мартиннің жетекшілігімен "Ордабасы" Қазақстан чемпионы атанып, ел кубогын да жеңіп алды. Осылайша, клуб өз тарихында алғаш рет "алтын дубль" жасады.
Өткен маусымның қорытындысы бойынша Мартин Қазақстан премьер-лигасының үздік бапкері деп танылды.
"Ордабасы" ФК президенті Жасұлан Барманқұлов молдовалық маманға дәстүр бойынша шапан жауып, атқарған еңбегі үшін алғыс айтты.
Мартиннің келесі жұмыс орны әзірге белгісіз. Moldfootball басылымына берген сұхбатында ол мансабын Қазақстанда жалғастыруы мүмкін екенін жоққа шығармады, дегенмен алдағы келіссөздер алдында бір апта демалу керектігін жеткізді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/football/2454877-altyn-dublden-keiin-ordabasynyng-bas-bapkeri-qyzmetinen-ketti/