jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    "Барыстың" канадалық ойыншысы қазақтың қымызын жиіркенішті деп атады

    : Facebook

    Астаналық "Барыстың" канадалық хокейшісі Кертис Волк Қазақстан мен АҚШ-тың мәдениетіндегі ерекшеліктерді айтып берген. Ол қазақтың қымызын жиіркенішті деп атаған деп хабарлайды Sport24-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

    Кертис Волк, фото: hcbarys.kz
    Кертис Волк, фото: hcbarys.kz: Facebook

    Бұл туралы Кертис Волк Sport24-ке берген сұқбатында айтқан.

    Канадалық спортшы қазақтың ұлттық тағамдарының дәмін татып көргенін, жақын уақытта еліміздің мәдениетімен жақынырақ танысатындығын айтты.

    "АҚШ мен Канада да адамдар өте ашық. Қазақстанда өтіп бара жатқан адамдар көп күлмейді. Бірақ оларға сұрақ қойып, өтініш білдірсең, бірден көмектеседі. Менің ойымша бұл күлкіден де маңызды.

    Қазақстанның тарихын аздап білемін. Ата-бабалары көшпенді болып, киіз үйде тұрғанын естідім. Бұл өте қызықты.

    Мен бешбармақтың да не екенін білемін. Оның көлемі өте үлкен. Шынымды айтсам, дәмін татып көргенім жоқ, бірақ жақын уақытта жеп көруім мүмкін.

    Қымыз? Білесіз бе, мен дүкеннен сүт сатып алғанмын. Оны сүт деп ойладым, бірақ жиіркенішті болып шықты. Ха-ха. Мүмкін, бұл қымыз шығар", - деді Волк.

    "Барыстың" канадалық ойыншысы қазақтың қымызын жиіркенішті деп атады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.