jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    "Барыстың" ең қымбат хоккейшісінің жылына 420 млн теңге табатыны анықталды

    Даррен Диц
    Даррен Диц. Фото: instagram.com/barys_officia

    Ресейлік "Спорт-Экспресс" басылымы Құрлықтық хоккей лигасының ең көп табыс табатын ойыншыларының рейтингін жариялады. Олардың арасында "Барыс" капитаны Даррен Диц те бар.

    Рейтингті құрастыру кезінде басылым жылына 45 миллион рубльден көп табыс табатын ойыншыларды тізімге кіргізген.  

    15 орынның ішінде 9-сатыға елордалық "Барыстың" капитаны мен өзге алты хоккейші енгізіліпті. Осылайша, Даррен Дицтің жылына 420 миллион теңге табатыны айтылды.

    Ең қымбат ойыншылар тізімін мәскеулік "Динамоның" хоккейшісі Вадим Шипачев бастап тұр. Ол жылына 120 миллион рубль (672,9 миллион теңге) табыс табады екен. 

    Айта кетейік, 27 жастағы Даррен Диц – Канадада туып-өскен қазақстандық хоккейші. Ол "Барыс" хоккей клубы мен Қазақстан құрамасының қорғаушысы болып табылады.

    Еске сала кетсек, 2019 жылдың ақпан айында елордада өтетін әлем чемпионатына қатысу үшін "Барыс" хоккей клубының қорғаушысы Даррен Диц Қазақстан азаматтығын алған болатын.

    Сонымен қатар, "Барыс" қорғаушысы Джесси Блэкердің жары Мелисса Блэкер осы жылдың маусым айында америкалық достарына қай елде тұратынын айтуға ұялатынын жеткізді. Оған "Борат" фильмі себепкер болған көрінеді.

    Мелисса мен Джесси Блэкер соңғы екі жылда Қазақстанда тұрады. Хокейші үшінші маусымын да "Барыс" құрамында, ел аумағында өткізбек.

    "Барыстың" ең қымбат хоккейшісінің жылына 420 млн теңге табатыны анықталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.