Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Хоккейден әлем чемпионаты: Ел құрамасы үшінші матч қатарынан жеңіліп қалды

Опубликовано:

хоккей
Хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы. Фото: Ольга Бугаева

Хоккейден Финляндия астанасы Хельсинкиде өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы Швейцариядан 2:3 есебімен жеңіліп қалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бірінші кезең 0:0 есебімен аяқталды.

Екінші кезеңде швейцариялықтар екі гол соқты. Денис Малгин мен Дарио Зимион Қазақстанның қақпашысынан айласын асырды.

Ал үшінші кезеңде ел құрамасының хоккейшілері тізгінді қолға алып, есепті теңестірді. Қазақстан сапынан Джесси Блеккер мен Валерий Орехов мергендігімен көзге түсті.

Ал матчтың аяқталуына санаулы минуттар қалғанда Швейцария сапынан Фабрис Герцог гол соқты.

Осылайша, тартысты өткен матч 3:2 есебімен Швейцарияның пайдасына шешілді.

Бұған дейін екі команда да турнирде екі матч өткізген еді. Ол кезде Швейцария Италиядан (5:2) және Даниядан (6:0) басым түссе, Қазақстан Дания (1:9) мен Францияға (1:2) есе жіберген болатын.

Айта кетейік, Қазақстан ұлттық құрамасы келесі кездесуін Канадаға қарсы өткізеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/hockey/1969777-xokkeiden-alem-cempionaty-el-quramasy-usinsi-matc-qatarynan-zenilip-qaldy/

pixel