Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қысқы Универсиада: Қазақстан хоккейшілері Ұлыбританияны ойсырата жеңді

Опубликовано:

Хоккей
Фото: Қазақстан хоккей федерациясы

Қысқы Универсиадада шайбалы хоккейден Қазақстан студенттер құрамасы үшінші ойынын өткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қысқы Универсиададағы үшінші ойында отандық хоккейшілер Ұлыбританиямен ойнап, 15:1 есебімен жеңіске жетті.

Матч барысында Қазақстан студеттер құрамасынан Батырлан Мұратов (хет-трик), Максим Мухаметов (дубль), Всеволод Логвин, Иван Гавриленко (дубль), Артем Королев, Данил Бутенко, Әлихан Өмірбеков, Руслан Демин, Әли Қасенов және Кирилл Полохов (дубль) мергендігімен көзге түсті.

Еске сала кетейік, бұған дейін отандық спортшылар Оңтүстік Кореяны 5:1, Венгрияны 9:1 есебімен ұтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/hockey/2005470-qysqy-universiada-qazaqstan-xokkeisileri-ulybritaniyany-oisyrata-zendi/

pixel