jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионатында қатарынан екі матч ұтылды

    хоккей
    Фото: Қазақстанның хоккей федерациясы

    Оңтүстік Кореяның Сувон қаласында бірінші дивизионның "В" тобында хоккейден қыздар арасында әлем чемпионаты өтіп жатқаны белгілі. Қазақстан құрамасы қатарынан екі ойында жеңіліске ұшырады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Қазақстан әйелдер құрамасы байрақты бәсекенің алғашқы матчын Ұлыбританияға қарсы өткізді.

    Тартысты ойынның тағдырын Кэти Генридің жалғыз голы шешіп кетті.

    Одан кейін отандық спортшылар Словениямен ойнап, 2:1 есебімен есе жіберді.

    Осылайша, Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионатында қатарынан екі кездесуде ұпай жоғалтып отыр.

    Енді отандық хоккейшілер 20 сәуір күні Италияға қарсы матч өткізбек.

    Еске сала кетейік, бұған дейін хоккейден әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан әйелдер құрамасы туралы жазған едік.

    Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионатында қатарынан екі матч ұтылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.