jitsu gif
Спорт

    "Барыстың" ұлттық құрамадағы үш ойыншысы биылғы маусымға Ресей азаматы ретінде тіркелген

    Дмитрий Гурков
    Дмитрий Гурков. Фото: shaiba.kz

    "Барыс" хоккей клубының үш ойыншысы Ресей азаматы ретінде тіркелді. Бұл туралы Shaiba.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    "Барыс" ойыншылары Егор Шалапов, Дмитрий Гурков және Эмиль Нургалиев биылғы маусымға Ресей азаматтары ретінде тіркелген.

    Олар Құрлықтық хоккей лигасының сайтында Ресей азаматтары ретінде көрсетілді.

    Бұрын Егор Шалапов пен Дмитрий Гурков Қазақстан азаматы ретінде сынға түскен. Екі ойыншы да Қазақстан ұлттық құрамасы сапында үш әлем чемпионатында өнер көрсетіп, олимпиадаға іріктеу турнирлеріне қатысты.

    Ал Нургалиев Ресей азаматтығын былтыр алған. Ол Қазақстан құрамасының сапында бейресми үш турнирде ойнады.

    Қазіргі таңда Қазақстан жанкүйерлерінің альянсы жоғарыда аталған ойыншылардың қос азаматтығы бар-жоғын тексеруді талап етпек.

    "Барыстың" ұлттық құрамадағы үш ойыншысы биылғы маусымға Ресей азаматы ретінде тіркелген

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.