jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    "Барыс" пен "Куньлунь Ред Стар" хоккей клубтарының ойынын қайдан тамашалауға болады

    "Барыс" хоккей клубы
    "Барыс" хоккей клубы. Фото: hcbarys.kz

    Бүгін, 10 қарашада Құрлықтық хоккей лигасының топтық кезеңі аясындағы кезекті турда елордалық "Барыс" хоккей клубы өз алаңында "Куньлунь Ред Стар" командасын қабылдайды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Құрлықтық хоккей лигасының кезекті турында елордалық "Барыс" пен қытайлық "Куньлунь Ред Стар" ұжымдары кездеседі. Матч Астана уақытымен 19:30-да басталады. Ойынның тікелей эфирін Qazsport арнасынан тамашалауға болады.

    Айта кетейік, елордалық "Барыс" хоккей клубы соңғы ойында ресейлік "Ақ Барс" командасына 0:3 есебімен жеңіліп қалған еді. Құрлықтық хоккей лигасының Шығыс конференциясында 29 ойын өткізіп, 23 ұпай жинаған қазақстандық клуб 11 орында тұр. Ал бүгінгі қарсыластары "Куньлунь Ред Стар" командасы Батыс конференциясының 10-орынына жайғасқан. Қытайлық ұжым 32 матчта 23 ұпай жинаған.

    Еске салайық, Құрлықтық хоккей лигасының плей-офф кезеңіне жолдама алу үшін Шығыс конференциясында кем дегенде үздік 8 команданың қатарына қосылу керек.

    "Барыс" пен "Куньлунь Ред Стар" хоккей клубтарының ойынын қайдан тамашалауға болады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.