jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    "Барыс" хоккей клубы жеңіске жетіп, сәтсіз сериясын тоқтатты

    "Барыс" хоккей клубы
    "Барыс" хоккей клубы. Фото: hcbarys.kz

    Қазақстандық "Барыс" ұжымы Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынында жеңіске жетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    23 қараша елордалық "Барыс" өз алаңында ресейлік "Нефтехимик" командасын қабылдады. Осы ойынға дейін "Барыс" ұжымы ҚХЛ-дың Шығыс конференциясында 11-орында болса, "Нефтехимик" 9-орында болды. Астанада өткен кездесу 4:3 есебімен жергілікті команданың пайдасына шешілді.

    "Барыс" – "Нефтехимик" 4:3 ОТ (1:1, 1:1, 1:1, 1:0)

    • 0:1 – 07:39 – Белозёров (Дергачёв, Якупов);
    • 1:1 – 11:11 – Оспанов (Гурков);
    • 2:1 – 32:07 – Ножье (Шестаков);
    • 2:2 – 39:06 – Белозёров (Сетдиков, Кашников);
    • 3:2 – 55:28 – Савицкий (Муратов, Шалапов);
    • 3:3 – 57:04 – Дергачёв (Белозёров);
    • 4:3 – 61:31 – Оберг (Камара).

    Айта кетейік, "Барыс" хоккей клубы қатарынан 3 ойын жеңіске жете алмай жүрген еді. Кешегі кездесудегі жеңістің арқасында Ғалым Мәмбеталиевтің шәкірттері 3 ұпай еншіледі. Келесі кездесу 27 қараша ресейлік "Витязь" ұжымына қарсы болады.

    "Барыс" хоккей клубы жеңіске жетіп, сәтсіз сериясын тоқтатты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.