jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    "Барыс" хоккей клубына жаңа бас бапкер тағайындалды

    Олег Болякин
    Олег Болякин. Фото: instagram/barys_official

    Қазақстандық маман Олег Болякин "Барыс" хоккей клубының бас бапкері қызметін атқарушы атанды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Барыс" клубының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    58 жастағы маман Ғалым Мамбеталиевтің орнына отырды. Десе де клубтың бас бапкері қызметін атқарушы ретінде ғана. Олег Болякин елордалық командаға жат адам емес. Соңғы қызметі – "Барыс" хоккей клубының бас менеджері.

    Олег Болякин – ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Сонымен қатар хоккейден Қазақстан жастар құрамасын элиталық кезеңге шығарған бапкер. Бірнеше қазақстандық клубта қызмет атқарды. Павлодарлық "Ертістің", қарағандылық "Сарыарқаның", өскемендік "Торпедоның" және "Алматының" бапкері болған.

    Болякиннің бапкерлік штабында Андрей Шаянов пен Талғат Жайлауов қызмет атқарады. Айта кетейік, "Барыс" хоккей клубы ҚХЛ-дың Шығыс конференциясында ең соңғы орында тұр.

    "Барыс" хоккей клубына жаңа бас бапкер тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.