Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Хоккейден жастар чемпионатының финалистері белгілі болды

Опубликовано:

Хоккейден Швеция жастар құрамасы
Хоккейден Швеция жастар құрамасы. Фото: ADAM IHSE/TT/TT NEWS AGENCY/AFP via Getty Images

Хоккейден АҚШ пен Швецияның жастар құрамалары (20 жасқа дейінгі ойыншылар) Швецияның Гетеборг қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының финалында кездеседі. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Жартылай финалда екі команда да тартысты ойын көрсетті. Америкалықтар Финляндия құрамасын 3:2 есебімен жеңсе, Швеция құрамасы чехиялықтарды 5:2 есебімен артта қалдырды.

Аталмыш чемпионаттың финалы Астана уақытымен 00:30-да (6 қаңтар) басталады. Ал бүгін 21:30-да жүлделі үшінші орын үшін Финляндия мен Чехия құрамалары кездеседі.

Соңғы екі жыл қатарынан жастар арасындағы әлем чемпионатын Канада құрамасы жеңіп келген болатын. Америкалықтар осыған дейін бес рет жеңімпаз болса, Швеция командасы екі рет чемпион атағын алған.

Бұған дейін Гетеборгтағы ойынның қорытындысы бойынша турнирдің элиталық дивизионынан Норвегия шығып қалғаны белгілі болды. Келесіде оны Қазақстан құрамасы алмастырады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/hockey/2054119-xokkeiden-zastar-cempionatynyn-finalisteri-belgili-boldy/

pixel