Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Хоккейден Қазақстан құрамасы элиталық дивизионда Норвегияның орынын басады

Опубликовано:

Германия мен Норвегия құрамалары арасындағы матч
Германия мен Норвегия құрамалары арасындағы матч. Фото: instagram.com/norskishockey

Хоккейден Норвегия жастар құрамасы (20 жасқа дейінгі ойыншылар) әлем чемпионатында Германия командасынан жеңіліп қалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Турнир Швецияның Гетеборг қаласында өтіп жатыр. Норвегия және Германия құрамалары өз топтарында соңғы орын иеленіп, элиталық дивизионда қалу үшін матч өткізді.

Ойынның негізгі кезеңі 4:4 есебімен аяқталды. Овертаймда немістер Мориц Элиастың шайбасының арқасында жеңіске жетті.

Осылайша, Норвегия турнирдің элиталық дивизионынан шыққан жалғыз құрама болды. Олар әлем чемпионатында бес матчтың барлығында жеңіліп қалды. Келесіде Норвегияның орнын Қазақстан құрамасы басады. Қазақстандық жас хоккейшілер IA дивизионында жақсы нәтиже көрсеткен еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/hockey/2054033-xokkeiden-qazaqstan-quramasy-elitalyq-divizionda-norvegiyanyn-orynyn-basady/

pixel