jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Ақпан айында Алматыда хоккейден халықаралық турнир өтеді

    Хоккейшілер
    Хоккейшілер. Фото: olympic.kz

    Алматыда 1-4 ақпан аралығында Eurasia Jastar Cup халықаралық хоккей турнирі өтеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық Олимпиада комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Eurasia Jastar Cup турниріне 18 жасқа дейінгі хоккейшілер қатысады. Бұл жарыста Қазақстан жасөспірімдер құрамасынан бөлек, 18 жасқа дейінгі Беларусь командасы, 16 жасқа дейінгі Ресей және Ресей қыздар құрамасы бақ сынайды.

    Матчтар айналымдық жүйемен өтеді, бұл ретте қыздар есептен тыс ойнайды. Негізгі хоккей турнирінен басқа, 3х3 сайысы болады.

    Eurasia Jastar Cup турнирінің кестесі:

    • 1 ақпан, 15:00 – Ресей U16 – Ресей қыздар
    • 1 ақпан, 19:00 – Қазақстан U18 – Беларусь U18
    • 2 ақпан, 15:00 – Беларусь U18 – Ресей U16
    • 2 ақпан, 19:00 – Қазақстан U18 – Ресей қыздар
    • 3 ақпан, 11:30 – 3х3 турнирі (Қазақстан U18 – Ресей қыздар, Ресей U16 – Беларусь U18), 3-орын үшін матч, финал
    • 4 ақпан, 12:00 – Беларусь U18 – Ресей қыздар
    • 4 ақпан, 17:00 – Қазақстан U18 – Ресей U16

    Еске салайық, өткен жылы бұл турнир Астанадағы "Барыс Аренада" өткен еді.

    Ақпан айында Алматыда хоккейден халықаралық турнир өтеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.