jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы Түркияны ірі есеппен жеңді

    Қазақстан және Түркия арасындағы матч
    Қазақстан және Түркия арасындағы матч. Фото: instagram.com/kazakhstanhockey

    Херенвен қаласында (Нидерланд) өтіп жатқан хоккейден 18 жасқа дейінгі қыздар арасындағы Әлем чемпионатының ІІ дивизионында Қазақстан ұлттық құрамасы Түркияны ірі есеппен жеңді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ҚР Спортты дамыту дирекциясының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Чемпионаттың ІІ дивизионда Қытай, Латвия, Нидерланд, Ұлыбритания, Түркия және Қазақстан қатысып жатыр. 

    Қазақстан құрамасы жарыстың кезекті күнінде А тобына түсіп, Түркия командасына қарсы ойнады. Ұлттық құраманың хоккейшілері 6:0 есебімен жеңіске жетіп, топтан шығуға мүмкіндікті нығайта түсті.

    1-турда Қазақстан құрамасы Ұлыбританиядан 0:4 есебімен ұтылып қалған еді. Қазақстандық хоккейшілер енді 18 қаңтарда Латвиямен, 21 қаңтарда Қытай және Нидерланд мемлекеттерімен ойнайды.

    Хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы Түркияны ірі есеппен жеңді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.