jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Рамазан Есмағамбетов
    Рамазан Есмағамбетов
    Бұрынғы қызметкер

    Алматыдағы хоккей турнирі жер сілкінісі салдарынан өтпейтін болды

    Хоккей клюжкасы
    Хоккей клюжкасы. Көрнекі фото: pexels.com

    Қазақстан хоккей федерациясы Алматыда халықаралық турнирдің өтуіне байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Қазақстан хоккей федерациясының ресми сайты.

    "Сеймологиялық жағдайға, сонымен қатар қатысушы командалар мен көрермендердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстанның хоккей федерациясы басшылығы тарапынан 2024 жылғы 1-4 ақпаны аралығында Алматыда өтеді деп жоспарланған Eurasia Jastar Cup турнирін өткізбеу туралы шешім қабылданды. Турнирдің шегерілуі жөнінде қосымша хабарланады. Барлық жанкүйерге көрсеткен қолдауы үшін алғыс білдіреміз, сатып алынған билеттердің барлығы қайтарылады", – делінген хабарламада.

    Еске салайық, 23 қаңтарда түн ортасынан ауған шақта Алматыда жер сілкінісі болды: қорқып кеткен қала тұрғындары көшеге жүгіріп шықты. Сезілуі - 5 балл.

    Содан кейін қайталанатын дүмпулер тіркелді.

    ТЖМ жер сілкінісі Астана, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды облыстары мен Жетісу облыстарында да сезілгенін хабарлады.

    Алматыдағы хоккей турнирі жер сілкінісі салдарынан өтпейтін болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.