jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Хоккейден Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында тарихи жетістікке қол жеткізді

    Қазақстандық хоккейшілер
    Қазақстандық хоккейшілер. Фото: icehockey.kz

    Финляндияда өтіп жатқан шайбалы хоккейден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы топтағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан хоккей федерациясының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Қазақстан құрамасы B тобында Чехия командасымен кездесіп, овертаймда 4:3 есебімен басым түсті. Осылайша, отандастарымыз алғаш рет жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының элиталық дивизионында жеңіске жетіп, тарихи жетістікке қол жеткізді.

    Роман Большедворский Қазақстан құрамасы сапындағы үздік ойыншы деп танылды. Ол матчтың алғашқы шайбасын соқты. Сондай-ақ нәтижелі паспен көзге түсті.

    Енді қазақстандық хоккейшілер бүгін, 30 сәуірде Канадаға қарсы ойнайды. Матч Астана уақытымен сағат 21:00-де басталады.

    Қазір В тобында Канада 3 матчтан кейін 9 ұпаймен алда тұр. Чехияда – 6, Швецияда – 4, Швейцарияда – 3, Қазақстанда 2 ұпай бар.

    Хоккейден Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында тарихи жетістікке қол жеткізді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.