Хоккейден Қазақстан жастар құрамасының және америкалық "Дез Муен Букканьерс" клубының ойыншысы Абзал Әлібек матч барысында төбелеске қатысты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Х желісінде жариялаған видеода 18 жастағы Абзал Әлібек ойын барысында "Сидар-Рапидс Рафрайдерс" командасының украиналық қорғаушысы Никита Коневичпен төбелескенін көруге болады. Бұл төбелес ұзаққа созылмады, қазақстандық хоккейші қарсылас команданың ойыншысына бір соққы жасап, мұз айдынға құлатты.
Абзал Әлібек елордалық "Барыс" хоккей жүйесінде тәрбиеленген. 2023/2024 жылғы маусымда ол жастар лигасында өнер көрсететін "Барыс" командасының намысын қорғады. Сонымен қатар 2024 жылы өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасында ойнап, 5 ұпай жинады.
Айта кетейік, биылғы жылдың тамыз айының соңында Абзал Әлібек АҚШ-тың жасөспірімдер хоккей лигасының "Дез Муен Букканьерс" командасымен келісімшартқа отырған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/hockey/2162304-qazaqstandyq-hokkeishi-qarsylasyn-bir-soqqymen-sulatyp-tusirdi-video/