jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    Қазақстандық хоккейші қарсыласын бір соққымен сұлатып түсірді (видео)

    Қазақстандық Абзал Әлібек пен украиналық Никита Коневич
    Қазақстандық Абзал Әлібек пен украиналық Никита Коневич. Фото: x.com/ryan_sikes10

    Хоккейден Қазақстан жастар құрамасының және америкалық "Дез Муен Букканьерс" клубының ойыншысы Абзал Әлібек матч барысында төбелеске қатысты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Х желісінде жариялаған видеода 18 жастағы Абзал Әлібек ойын барысында "Сидар-Рапидс Рафрайдерс" командасының украиналық қорғаушысы Никита Коневичпен төбелескенін көруге болады. Бұл төбелес ұзаққа созылмады, қазақстандық хоккейші қарсылас команданың ойыншысына бір соққы жасап, мұз айдынға құлатты.

    Абзал Әлібек елордалық "Барыс" хоккей жүйесінде тәрбиеленген. 2023/2024 жылғы маусымда ол жастар лигасында өнер көрсететін "Барыс" командасының намысын қорғады. Сонымен қатар 2024 жылы өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасында ойнап, 5 ұпай жинады.

    Айта кетейік, биылғы жылдың тамыз айының соңында Абзал Әлібек АҚШ-тың жасөспірімдер хоккей лигасының "Дез Муен Букканьерс" командасымен келісімшартқа отырған болатын.

    Қазақстандық хоккейші қарсыласын бір соққымен сұлатып түсірді (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.