Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бұрын бір командада ойнаған қазақстандық хоккейшілер матч кезінде төбелесіп қалды

Жарияланған күні:

Екі хоккейші төбелесіп жатыр
Екі хоккейші төбелесіп жатыр. Скриншот: instagram.com/p/DCAM_kNsfQW

Өскемендік "Торпедо" ойыншысы Дмитрий Быков пен "Алматы" командасының хоккейшісі Станислав Тунхузин төбелесіп қалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Хоккейден Қазақстан чемпионаты аясында "Торпедо" өз айдынында "Алматыны" қабылдаған еді. Бұл ойында "Торпедо" 4:0 есебімен жеңіске жетті.

Матч кезінде өскемендік команданың қорғаушысы Дмитрий Быков пен алматылық клубтың ойыншысы Станислав Тунхузин жаға жартысып қалған. Олар 2017-2018 және 2023-2024 маусымдарда өскемендік клубта бірге ойнаған еді.

Қазір Қазақстан чемпионатының кестесінде "Номад" ұжымы 25 ұпаймен көш бастап тұр. Ал "Торпедо" 24 ұпаймен екінші орынға, "Арлан" да дәл сондай ұпаймен үшінші орынға жайғасқан.

Еске салайық, хоккейден Қазақстан жастар құрамасының ойыншысы Абзал Әлібек матч барысында "Сидар-Рапидс Рафрайдерс" командасының қорғаушысы Никита Коневичпен төбелесіп, оны бір соққымен сұлатып түсірген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/hockey/2183804-buryn-bir-komandada-oinagan-qazaqstandyq-hokkeishiler-match-kezinde-tobelesip-qaldy-video/