jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Алматыда хоккейден тұңғыш Азия чемпионаты басталды

    Хоккейден Қазақстан құрамасы
    Хоккейден Қазақстан құрамасы. Фото: olympic.kz

    Бүгін, 6 қарашада Алматыда шайбалы хоккейден тарихтағы алғашқы Азия чемпионаты басталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Алматыда шайбалы хоккейден тұңғыш рет өтіп жатқан Азия чемпионаты Жапония мен Қытай құрамалары арасындағы ойынмен басталды.

    Ал бүгін, 6 қарашада хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы Оңтүстік Кореяға қарсы сағат 19:30-да ойын өткізеді.

    Бұл сында жеңімпаз айналмалы жүйе бойынша өтіп, турнирлік кесте нәтижелері арқылы белгілі болмақ. Аталған біріншілікте ұлттық құрама қатысушы барлық командамен шеберлік байқасып, өзара мықтыны анықтайды.

    Айта кетейік, Азия чемпионаты 6-9 қараша аралығында Алматыдағы Halyk Arena-да өтеді. Оған Қазақстан, Жапония, Оңтүстік Корея және Қытай құрамалары қатысады.

    Алматыда хоккейден тұңғыш Азия чемпионаты басталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.