jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    "Барыс" ойын соңында үш гол жіберіп алып, қолда тұрған жеңістен айырылып қалды

    "Барыс" – "Автомбилист" хоккей клубтары арасындағы матч
    "Барыс" – "Автомбилист" хоккей клубтары арасындағы матч. Фото: hcbarys.kz

    Астаналық "Барыс" клубы Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) кезекті чемпионаты аясында ресейлік "Автомобилист" командасына қарсы ойында жеңіліске ұшырады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Елордалық "Барыс" хоккей клубы өз мұз айдынында "Автомбилист" командасын қабылдады. Нәтижесінде "Барыс" 1:3 есебімен жеңіліс тапты.

    Ойынның 18-минутында "Барыс" хоккей клубының шабуылшысы Никита Сетдиков есепті ашқан болатын.

    Ал екінші кезеңде командалар бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алмады. Дегенмен "Автомобилист" ойыншылары үшінші кезеңде (46, 53, 58) үш гол соғып, жеңісті жұлып алды.

    Айта кетейік, "Барыстың" келесі кездесуі 11 қарашада өтеді. Бас бапкер Ғалым Мәмбеталиев шәкірттері қонақта "Нефтехимикке" қарсы ойнайды.

    "Барыс" ойын соңында үш гол жіберіп алып, қолда тұрған жеңістен айырылып қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.