jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Бүгін хоккейден Қазақстан құрамасы тарихи Азия чемпионатында Қытай командасымен ойнайды

    Қазақстан және Оңтүстік Корея құрамалары арасындағы матч
    Қазақстан және Оңтүстік Корея құрамалары арасындағы матч. Фото: icehockey.kz

    Бүгін, 8 қарашада хоккейден Қазақстан құрамасы тарихи Азия чемпионатындағы екінші ойынын Қытай командасына қарсы өткізеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Матч Алматыдағы "Halyk Arena" мұз сарайында өтеді. Сағат 19:30-да басталатын ойынды Qazsport телеарнасынан көруге болады. Сондай-ақ бүгін 16:30-да Жапония және Оңтүстік Корея құрамалары кездеседі.

    6 қарашада Қазақстан құрамасы Азия чемпионатындағы алғашқы ойынында Оңтүстік Кореядан 4:1 есебімен жеңіліп қалған еді. Сол күні Қытай командасы да Жапонияға 4:1 есебімен есе жіберген болатын.

    Алматыдағы құрлық додасы хоккейден тарихтағы алғашқы Азия біріншілігі саналады. Бұл жарыс айналмалы жүйе бойынша өтіп, жеңімпаз турнирлік кесте нәтижесі арқылы белгілі болмақ.

    Еске салайық, Қазақстан хоккей құрамасының бас бапкері Олег Болякин Азия чемпионатындағы алғашқы матч туралы пікір білдірген еді. Сонымен бірге қазақстандық хоккейші Дмитрий Бреус қарсылас команда туралы ойын айтты.

    Бүгін хоккейден Қазақстан құрамасы тарихи Азия чемпионатында Қытай командасымен ойнайды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.