jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    "Барыс" ҚХЛ-да үшінші ойын қатарынан жеңіліске ұшырады

    "Барыс" – "Нефтехимик" хоккей клубтары арасындағы матч
    "Барыс" – "Нефтехимик" хоккей клубтары арасындағы матч. Фото: hcbarys.kz

    Астаналық "Барыс" хоккей клубы Құрлықтық хоккей лигасы аясында үшінші ойын қатарын жеңіліске ұшырады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    "Барыс" хоккейшілері сырт алаңда Татарстанның Нижнекамск қаласының "Нефтехимик" командасымен кездесті. Нәтижесінде "Барыс" хоккей клубы 1:4 есебімен жеңіліске ұшырады.

    Ойынның 9-минутында "Нефтехимик" хоккейшісі Никита Хоружев алғашқы шайбаны соқса, 29-минутта Владимир Брюквин есепті еселеді.

    Ал матчтың 34-минутында "Барыс" хоккейшісі Батырлан Мұратов есеп айырмасын қысқартқанымен, кейіннен қарсылас команданың ойыншылары тағы да екі шайба соғып кетті. Ойынның 50-минутында Евгений Митякин мен 53-минутта Богдан Киселевич "Барыс" қақпасынан саңылау таба білді.

    Айта кетейік, 13 қарашада Ғалым Мәмбеталиев шәкірттері тағы бір мәрте "Нефтехимикпен" ойнап, есе қайтаруға тырысады.

    "Барыс" ҚХЛ-да үшінші ойын қатарынан жеңіліске ұшырады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.