jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    "Барыс" 6 шайба соғып, ҚХЛ матчында жеңіске жетті

    "Барыс" – "Сочи" хоккей клубтары арасындағы матч
    "Барыс" – "Сочи" хоккей клубтары арасындағы матч. Фото: hcbarys.kz

    Астаналық "Барыс" хоккей клубы Құрлықтық хоккей лигасы аясында қонақта ресейлік "Сочи" командасынан басым түсті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Астаналық "Барыс" хоккей клубы қонақта ресейлік "Сочи" командасымен кездесті. Нәтижесінде елордалық "Барыс" хоккей клубы 6:3 есебімен жеңіске жетті.

    "Барыс" хоккей клубы сапынан бұл ойында Әлихан Әсетов (14-минут), Кирилл Савицкий (15, 51), Никита Сетдиков (24), Кирилл Панюков (36), Антон Бурдасов (50) шайба соқты.

    Ал "Сочи" командасы сапынан Данил Мокрушев (16), Данил Авершин (29), Тимур Хафизов (32) көзге түсті.

    Айта кетейік, "Барыс" хоккей клубы келесі ойынын "Металлург" (Магнитогорск) командасын өз мұз айдынында қабылдайды.

    "Металлург" командасы сапында хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Никита Михайлис өнер көрсетеді.

    "Барыс" 6 шайба соғып, ҚХЛ матчында жеңіске жетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.