Астаналық "Барыс" хоккей клубы Құрлықтық хоккей лигасы аясында қатарынан бесінші жеңіліске ұшырады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Кеше, 1 желтоқсанда "Барыс" сырт алаңда мәскеулік "ЦСКА" командасына қарсы ойын өткізді. Кездесу 3:1 есебімен алаң иелерінің жеңісімен аяқталды.
Бірінші голды мәскеулік "ЦСКА" сапынан Максим Мамин соқты (10:47, одан кейін Егор Фатеев есепті еселей түсті (40:21).
Ал "Барыстың" 33 жастағы ресейлік шабуылшысы Антон Бурдасов ойынның үшінші ширегінде есеп айырмасын қысқартты (55:39).
Алайда ойынның соңында "ЦСКА" ойыншысы Константин Окулов есепті 3:1-ге жеткізіп (57:47), сенімді жеңіске қол жеткізді.
Осылайша, Ғалым Мәмбеталиев шәкірттері Құрлықтық хоккей лигасы аясында қатарынан бесінші кездесуінде жеңіліс тапты.
Айта кетейік, "Барыс" хоккей клубы келесі матчын 4 желтоқсанда ресейлік "Спартак" командасына қарсы өз мұз айдынында өткізеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/hockey/2194875-barys-hokkei-kluby-qatarynan-besinshi-kezdesude-zhengildi/