jitsu gif branding logo appbranding logo app

    "Барыс" хоккей клубы қатарынан бесінші кездесуде жеңілді

    "Барыс" – "ЦСКА" хоккей клубтары арасындағы матч
    "Барыс" – "ЦСКА" хоккей клубтары арасындағы матч. Фото: hcbarys.kz

    Астаналық "Барыс" хоккей клубы Құрлықтық хоккей лигасы аясында қатарынан бесінші жеңіліске ұшырады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Кеше, 1 желтоқсанда "Барыс" сырт алаңда мәскеулік "ЦСКА" командасына қарсы ойын өткізді. Кездесу 3:1 есебімен алаң иелерінің жеңісімен аяқталды.

    Бірінші голды мәскеулік "ЦСКА" сапынан Максим Мамин соқты (10:47, одан кейін Егор Фатеев есепті еселей түсті (40:21).

    Ал "Барыстың" 33 жастағы ресейлік шабуылшысы Антон Бурдасов ойынның үшінші ширегінде есеп айырмасын қысқартты (55:39).

    Алайда ойынның соңында "ЦСКА" ойыншысы Константин Окулов есепті 3:1-ге жеткізіп (57:47), сенімді жеңіске қол жеткізді.

    Осылайша, Ғалым Мәмбеталиев шәкірттері Құрлықтық хоккей лигасы аясында қатарынан бесінші кездесуінде жеңіліс тапты.

    Айта кетейік, "Барыс" хоккей клубы келесі матчын 4 желтоқсанда ресейлік "Спартак" командасына қарсы өз мұз айдынында өткізеді.

    "Барыс" хоккей клубы қатарынан бесінші кездесуде жеңілді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.