jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    "Барыс" жеңіліс сериясын бұзып, мәскеулік "Динамодан" басым түсті

    "Барыс" хоккей клубының ойыншысы Бейбарыс Оразов
    "Барыс" хоккей клубының ойыншысы Бейбарыс Оразов. Фото: hcbarys.kz

    Астаналық "Барыс" Құрлықтық хоккей лигасы аясында сырт алаңда мәскеулік "Динамоны" жеңді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Сырт алаңда өткен бұл кездесуде "Барыс" хоккей клубы 2:0 есебімен жеңіске жетті.

    Астаналықтар 21-минутта Антон Бурдасовтың соққан голының арқасында алға шықты. Бұл шайбаның қақпаға енуіне Әлихан Өмірбеков пен Әлихан Әсетов көмектесті.

    Антон Бурдасов 60-минутта Кирилл Савицкийдің пасынан шайбаны бос қақпаға тоғытты.

    Астаналық команда сегіз жеңіліс сериясын бұзып, 23 ұпай жинады. Дегенмен "Барыс" Шығыс конференциясында да, жалпы ҚХЛ кестесінде де Хабаровсктің Амурынан ғана озып, турнир кестесінің соңында келеді.

    Айта кетейік, "Барыс" хоккей клубы келесі кездесуін 19 желтоқсанда Бейжіңде өткізеді. Қарсыласы қытайлық "Кунлун Ред Стар" клубы болмақ.

    "Барыс" жеңіліс сериясын бұзып, мәскеулік "Динамодан" басым түсті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.