jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    "Барыс" қатарынан үшінші ойында жеңіске жете алмай, турнир кестесінің соңында келеді

    "Барыс" хоккей клубы
    "Барыс" хоккей клубы. Фото: hcbarys.kz

    Құрлықтық хоккей лигасы аясында астаналық "Барыс" хоккей клубы Челябинсктің "Трактор" командасынан жеңілді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Астанада өткен "Барыс" – "Трактор" кездесуінде елордалық клуб 3:5 есебімен жеңілді.

    "Трактор" клубы сапында Егор Попов (5-минут), Виталий Кравцов (7), Максим Шабанов (21), Семен Дер-Аргучинцев (34, басым) және Остап Сафин (51) шайба соқты. "Барыс" сапында Станислав Бочаров (39), Кирилл Савицкий (51) және Антон Бурдасов (60) көзге түсті.

    Астаналықтар ҚХЛ чемпионатында қатарынан үшінші мәрте жеңіліс тапты.

    40 матчтан кейін 23 ұпай жинаған Қазақстан құрамасы Шығыс конференциясы мен жалпы ҚХЛ кестесінде Хабаровсктің "Амурын" ғана басып озып, соңғы орындардың бірінде келеді.

    Айта кетейік, "Барыс" өз мұз айдынындағы келесі ойынын 26 желтоқсанда "Сібір" командасына қарсы өткізеді.

    "Барыс" қатарынан үшінші ойында жеңіске жете алмай, турнир кестесінің соңында келеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.