jitsu gif
Спорт

    "Барыс" хоккей клубы 2024 жылдың соңғы ойынында ірі жеңіліске ұшырады

    "Барыс" – "Салават Юлаев" хоккей клубтары
    "Барыс" – "Салават Юлаев" хоккей клубтары. Фото: hcbarys.kz

    Астаналық "Барыс" клубы Құрлықтық хоккей лигасы аясында уфалық "Салават Юлаевтан" ірі есеппен жеңілді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Қонақта өткен ойында "Барыс" хоккей клубы 0:6 есебімен жеңіліс тапты. "Салават Юлаев" командасы сапынан Джош Ливо (1, 27, 40-минуттар) хет-трик авторы атанды. Сондай-ақ қарсылас команданың хоккейшілері Натан Тодд (12), Никита Зоркин (19) және Шелдон Ремпал (50) шайба соқты.

    "Салават Юлаев" хоккей клубының қақпашысы Семён Вязовой қақпаға бағытталған 17 соққының барлығын тойтарып үлгерді.

    "Барыс" хоккей клубы қатарынан алтыншы матчта жеңілді. 43 матчтан кейін 23 ұпай жинаған астаналықтар әлі күнге дейін Шығыс конференциясы мен жалпы ҚХЛ кестесінде Хабаровск Амурын ғана басып озып, соңғы орында тұр.

    Айта кетейік, "Барыс" келесі ойынын өз мұз айдынында 2025 жылдың 5 қаңтарында ресейлік "Ладаны" қабылдайды.

    "Барыс" хоккей клубы 2024 жылдың соңғы ойынында ірі жеңіліске ұшырады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.