jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    ҚХЛ-дың 3х3 форматындағы жаңа турнирінде "Барыс" клубы тартысты кездесуде жеңіске жетті

    "Барыс" хоккей клубының ойыншысы Константин Пушкарев
    "Барыс" хоккей клубының ойыншысы Константин Пушкарев. Фото: hcbarys.kz

    Елордалық "Барыс" клубы Құрлықтық хоккей лигасының 3х3 форматындағы турнирінің 3-турында екі кездесу өткізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    "Барыс" хоккей клубы аталмыш турнирдің 3-турында ресейлік "Трактор" және "Металлург" командаларына қарсы кездесу өткізді.

    Елордалық ұжым алғашқы ойынын "Трактор" клубына қарсы өткізді. Бұл кездесу 3:7 есебімен "Трактордың" жеңісімен аяқталды. "Барыс" хоккей клубы сапында Кәрім Қажыбеков, Александр Перкин және Марат Сағымбаев шайба соқты.

    "Металлургқа" қарсы өткен екінші кездесуде астаналық хоккейшілер 6:5 есебімен жеңісті жұлып алды. Константин Пушкарев покер жасаса, Арыстан Әмірқанов пен Кәрім Қажыбеков бір-бір шайбадан соқты.

    Айта кетейік, ҚХЛ-дың 3х3 форматындағы турнирінің 3-тур ойындары ертең, 4 қаңтарда жалғасады.

    ҚХЛ-дың 3х3 форматындағы жаңа турнирінде "Барыс" клубы тартысты кездесуде жеңіске жетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram