jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Хоккейден әлем чемпионатындағы Қазақстан құрамасының үздік ойыншылары анықталды

    Қазақстандық хоккейші Владимир Никитин
    Қазақстандық хоккейші Владимир Никитин. Фото: instagram.com/kazakhstanhockey

    Хоккейден Қазақстан құрамасының 2025 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионатындағы үздік үш ойыншысы анықталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан хоккей федерациясының Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Қазақстан құрамасы әлем чемпионатындағы соңғы ойынын Германияға қарсы өткізіп, 4:3 есебімен жеңілді. Осылайша ұлттық команда элиталық дивизионнан шығып қалды.

    Бұл матчтан кейін ұйымдастырушылар екі құраманың да үш үздік ойыншысын марапаттады. Қазақстан командасынан Аслан Жүсіпбеков, Кирилл Ляпунов және Владимир Никитин үздік деп танылды.

    Жүсіпбеков қорғаушы позициясында ойнайды. 2025 жылғы әлем чемпионатында ол Қазақстан құрамасының капитаны болды және бес матчта бірде-бір ұпай жинаған жоқ. Ляпунов та барлық ойынға қатысты. Шабуылшы үш шайба салып, Артур Гросспен бірге команданың үздік мергені атанды. Ал Никитин Қазақстан құрамасының негізгі қақпашысы болды. Ол барлық бес матчқа қатысып, өз қақпасына бағытталған соққылардың 83,62%-ын қайтарды.

    Хоккейден әлем чемпионатындағы Қазақстан құрамасының үздік ойыншылары анықталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.