jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    "Барыс" хоккей клубы ҚХЛ жаңа лигасының матчында жеңіліп қалды

    "Барыс" хоккей клубының ойыншылары
    "Барыс" хоккей клубының ойыншылары. Фото: hcbarys.kz

    Астаналық "Барыс" хоккей клубы Құрлықтық лиганың 3х3 форматындағы чемпионатының үшінші турын жеңіліспен аяқтады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    "Барыс" чемпионаттың үшінші турындағы соңғы ойынын Қазанның "Ақ Барс" командасына қарсы өткізді. Матч 5:3 есебімен қарсыластардың пайдасына шешілді. Астаналық клуб сапынан Темірлан Китаров, Дмитрий Макеев және Константин Пушкарев шайба салды.

    Елордалық ұжым үшінші турында тек бір рет, Магнитогорскінің "Металлург" командасына қарсы ойында ұтты. Ал қалған бес ойында жеңіліп қалды. Қазіргі уақытта "Барыс" алты ұпаймен лиганың жалпы кестесінде бесінші орында (сегіз команданың ішінде) тұр.

    Айта кетейік, келесі төртінші тур 9-12 қаңтар аралығында Мәскеуде "Оңтүстік мұз" кешенінде өтеді.

    "Барыс" хоккей клубы ҚХЛ жаңа лигасының матчында жеңіліп қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.