jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Универсиада-2025: хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы Швецияны ірі есеппен ұтты

    Хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы
    Хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы. Фото: instagram.com/kazakhstanhockey

    Хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы Туриндегі (Италия) қысқы Универсиаданы жеңіспен бастады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Қазақстан құрамасы А тобында Швеция командасын 9:2 есебімен ұтты. Шведтер сапынан Джонатан Мейер (6-минутта) және Фольке Калла Линдфорс (13) шайба соқты. Кейін қазақстандық хоккейшілер 9 шайбамен жауап қайтарды. Андрей Буяльский (20, 60), Николай Шульга (20, 29), Даниил Цыбин (32, 37) дубль жасаса, Максим Мусоров (49), Әділ Бейсембаев (52) және Денис Чапоров (58) бір голдан салды.

    Қазақстан құрамасы келесі ойынын 14 қаңтарда Оңтүстік Кореяға қарсы өткізеді. А тобында Канада мен Чехия командалары да бар. Ширек финалға өту үшін бес құраманың ішінде үздік төрттікке кіру қажет.

    Айта кетейік, Туриндегі қысқы Универсиадаға 103 қазақстандық спортшы қатысады. Олар биатлон, шорт-трек, шаңғы жарысы, мәнерлеп сырғанау, спорттық бағдарлау, фристайл, тау шаңғы спорты, ерлер мен әйелдер хоккейі және алғаш рет жарыс бағдарламасына енгізілген пара шаңғы бойынша сынға түседі.

    Универсиада-2025: хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы Швецияны ірі есеппен ұтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.