Спорт

Зектілері

Азиада-2025: қазақстандықтардың 4 ақпандағы жарысқа шығу кестесі

Жарияланған күні:

Читать на русском
Дмитрий Бреус
Дмитрий Бреус. Фото: Қазақстан хоккей федерациясы

Харбинде өтіп жатқан 2025 жылғы қысқы Азия ойындарындағы жарыстың екінші күнінде хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы жарысқа түседі. KAZ.NUR.KZ Астана уақыты бойынша отандық спортшылардың жарысқа шығу кестесін ұсынады.

Қазақстандық хоккейшілер алдын ала кезеңді А тобында бастайды, ондағы алты команда да автоматты түрде ширек финалға өтеді. Әйелдер құрамасы да сейсенбі күні турнирдегі екінші ойынын өткізеді.

Аралас керлингтен Қазақстан құрамасы Азия ойындарындағы жарысын бастайды. Құрама В тобында бес басқа командамен ойнайды. Плей-офф кезеңіне шығып, медальдар үшін таласты жалғастыру үшін үздік үштіктен орын алу қажет.

  • 07:00. Керлинг. Аралас дуэттер. Топтық кезең, бірінші тур

Қытай - Қазақстан (Әмина Сейтжанова және Азизбек Нәдірбаев)

  • 13:00. Хоккей. Ерлер. Алдын ала кезең, бірінші тур

Таиланд — Қазақстан

  • 16:30. Хоккей. Әйелдер. Алдын ала кезең, екінші тур

Қазақстан — Таиланд

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/hockey/2217692-aziada-2025-qazaqstandyqtardyng-4-aqpandagy-zharysqa-shygu-kestesi/