Спорт

Зектілері

Азиада-2025: хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы алғашқы матчында Таиланд командасын ірі есеппен жеңді

Жарияланған күні:

Читать на русском
хоккейшілер
Қазақстандық хоккейшілер. Фото: t.me/Turizm_jane_sport_ministrligi

Хоккейден Қазақстан ерлер құрама командасы Харбиндегі қысқы Азия ойындарын жеңіспен бастады. Қазақстандық команда Таиланд командасына қарсы ойнады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ұлттық Олимпиада комитетінің Telegram-да хабарлауынша, шайбалы хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы Қысқы Азия ойындарында алғашқы ойынын өткізді.

Қазақстандықтар алғашқы матчта Таиланд құрамасымен кездесті. Нәтижесінде отандастарымыз қарысалысын 12:0 есебімен ойсырата ұтты.

Қарсылас команда қақпасына шайба салғандар қатарында Колесников, Старченко, Оспанов Степаненко, Өмірбеков, Бекетаев, Рымарев, Буяльский Лихотников, Гайтамиров бар.

Бұл жеңіс Қазақстан құрамасына үш ұпай әкелді, сөйтіп "А" тобында әзірге екінші орынға шығуға мүмкіндік берді. Бірінші орында Жапония құрамасы тұр, олар қытайлық Тайбэй өкілдерін 15:0 есебімен жеңген.

Қазақстан ерлер құрамасының келесі ойыны 5 ақпан, 17:00-де Қытайға қарсы өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/hockey/2217872-aziada-2025-hokkeiden-qazaqstan-erler-quramasy-algashqy-matchynda-tailand-komandasyn-iri-eseppen-zhengdi/