jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Кенесхан
    Айтолқын Кенесхан
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    "Барыс" командасының бас директоры қызметінен кетті

    Нұрлан Оразбаев
    Нұрлан Оразбаев. Фото: hcbarys.kz

    Нұрлан Оразбаев елордалық "Барыс" хоккей командасының бас директоры қызметінен кетті. Бұл туралы команданың ресми сайтында хабарланды.

    Қазақстандық маман аталған қызметке 2024 жылдың қазан айында тағайындалған еді. Одан кейін командадағы АҚШ, Канада елдерінен келген хоккейшілерден бас тартты. Елордалық клуб сапында негізінен қазақстандық жастарға көңіл бөлді. Сондай-ақ олармен бірге реесйлік хоккейшілер де ойын көрсетті. 

    Нұрлан Оразбаев 1968 жылы дүниеге келген. Спорттық мансабында қарағандылық "Автомобилист", теміртаулық "Болат" және елордалық "Барыс" командаларында ойнады.

    Ал бұдан бұрын 2006-2012, 2013-2015 жылдарда елордалық клубтың президенті қызметін атқарды.

    Биыл "Барыс" Құрлықтық хоккей лигасында сәтсіз ойын көрсетті. Шығыс конференциясында 12 орын алып, 68 ойыннан кейін небәрі 35 ұпай жинады.

    "Барыс" командасының бас директоры қызметінен кетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.