jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Азия чемпионаты: хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы қатарынан үшінші рет қола медаль еншіледі

    Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы
    Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы. Фото: Қазақстан хоккей федерациясы

    Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Жапонияның Саппоро қаласында өткен 2027 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдесін иеленді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Хоккейден әйелдер арасындағы Азия чемпионатына төрт команда – Қазақстан, Жапония, Оңтүстік Корея және Қытай қатысты.

    Чемпионат айналмалы жүйе бойынша өтті, онда әр команда жалпы үш кездесуден өткізді.

    Қазақстан құрамасы жарыс қожайындарынан 0:4 есебімен ұтылып, турнирді сәтсіз бастады. Екінші турда команда Қытайға 1:2 есебімен жол берді, Қазақстан тарапынан жалғыз шайбаны София Зубкова соқты.

    Соңғы матчта Қазақстан құрамасы Оңтүстік Кореяны 5:1 есебімен жеңді. Шайба авторлары: София Зубкова, Аида Олжабаева, Пернеш Ашимова, Малика Алдабергенова және София Муравьёва.

    Осылайша, қазақстандықтар үш ұпай жинап, турнирді үшінші орында аяқтады.

    Айта кетейік, ұлттық құрама Азия чемпионатында үшінші рет қатарынан қола медаль иеленіп отыр.

    Кореялықтар төртінші орынға тұрақтады, ал чемпиондық атақ үшін Жапония мен Қытай құрамалары өзара бақ сынайды.

    Азия чемпионаты: хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы қатарынан үшінші рет қола медаль еншіледі

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram