jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Қазақстан хоккей құрамасы Азия чемпионатын жеңіспен бастады

    Жапония және Қазақстан хоккей құрамаларының матчы
    Жапония және Қазақстан хоккей құрамаларының матчы. Фото: Қазақстан хоккей федерациясы

    Шайбалы хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы Оңтүстік Кореяның Чонджу қаласында өтіп жатқан 2027 жылғы Азия чемпионатын жеңіспен бастады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Бірінші турда Талғат Жайлауов жаттықтыратын команда жапондықтармен кездесіп, 3:2 есебімен жеңіске жетті.

    Қазақстан құрамасы сапында шабуылшылар Максим Мұхаметов (5-минут) пен Александр Мигунов (28-минут), сондай-ақ қорғаушы Кирилл Никитин (51-минут) бір-бір шайба соқты.

    Жапония сапында шабуылшы Юто Танеити (4-минут) мен қорғаушы Сюнта Кимура (34-минут) көзге түсті.

    Негізгі уақыттағы жеңіс Қазақстан құрамасына үш ұпай әкеліп, турнир кестесінде көш бастауға мүмкіндік берді. Азия чемпионаты айналмалы жүйе бойынша өтуде, оған сондай-ақ Оңтүстік Корея мен Қытай командалары қатысып жатыр.

    Қазақстандықтар келесі кездесуін сенбі, 7 қарашада өткізеді. Қытаймен өтетін матч Астана уақытымен 13:30-да басталады.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram