jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    UFC баспасөз қызметі Хабиб пен Гэтжи жекпе-жегінің постерін жариялады

    156123
    Фото: instagram.com/ufcrussia

    Жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Хабиб Нурмагамедов пен америкалық Джастин Гэтжи арасында өтетін жекпе-жектің постері пайда болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Газета.ru-ға сілтеме жасап.

    Постер UFC ұйымының Instagram парақшасында жарияланды.

    Спортшылар 25 қазанда Дубайдағы "жекпе-жек аралында" өтетін UFC 254 турнирі аясында кездеседі. Турнирдің басты жекпе-жегінде промоушеннің жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеуі сарапқа салынбақ.

    "UFC 254 турниріне бір айдан аз уақыт қалды. Бұл ұмытылмас жекпе-жектер кеші болмақ!", – делінген постердің жазбасында.

    Еске сала кетейік, бұған дейін ресейлік аралас жекпе-жек шебері Хабиб Нурмагамедов әкесі қайтыс болғаннан кейін күйзеліспен қалай күресіп жатқанын айтып берген еді.

    Спортшы қазіргі қиын сәтте қарқынды жаттығу жасауға шешім қабылдағанын жеткізді.

    "Әкем де сондай еді – үнемі жаттығатын. Достары оның қайда барса да, спорттық сөмкесін тастамайтынын айтады. Алдымен ол жататын жерін дайындап алып, сосын жаттығуға кететін. Бұл әдет әкемнен қалған. Спортшы болғандықтан, мен үшін жаттығу өте маңызды", – деді Хабиб.

    Бұдан бұрын UFC чемпионы әкесі қайтыс болғаннан кейін алғаш рет Instagram желісінде жазба жариялаған еді. Спортшы асқар тауы Абдулманап Нурмагомедовті еске алып, оған әсерлі сөздерін арнаған.

    Ресейлік спортшының Instagram желісіндегі ресми парақшасында әкесі Абдулманаппен түскен суреті пайда болды.

    UFC баспасөз қызметі Хабиб пен Гэтжи жекпе-жегінің постерін жариялады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.