jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    UFC-дегі қазақстандық дебютант Хабибтің інісінен жеңіліп қалды (видео)

    Жекпе-жек
    Фото: Jeff Bottari/Zuffa LLC

    Хабиб Нурмагомедовтің туысқан інісі Умарға қарсы шыққан Сергей Морозов мерзімінен бұрын жеңіліп қалды деп хабарлайды Sports.kz.

    Екі спортшы үшін де UFC-дегі бұл жекпе-жек дебюттік болды. Олардың жеңіл салмақтағы жекпе-жегі үш раундқа есептелген болатын. Алайда екінші раундта Нурмагомедовтің жеңісімен аяқталды.

    Осылайша, Нурмагомедов ММА-дегі кәсіби мансабының он үшінші жеңісіне қол жеткізді және әлі күнге дейін жеңіліп көрмеген деген атағын сақтап қалды, ал Сергей Морозов бесінші жеңіліске ұшырады.

    Айта кетсек, жекпе-жек бастапқыда 2020 жылдың 24 қазанына жоспарланған болатын. Алайда, белгіленген күнге бір апта қалғанда Умар Нурмагомедов дене қызуының көтерілуі, құсу секілді тұмау белгілерімен емханаға жатқызылды.

    Жекпе-жек осы жылдың 23 қаңтарына ауыстырылған болатын - олар Макгрегор және Порьемен бір кардта жекпе-жекке шығуы керек еді. Алайда жекпе-жектің күні қайтадан ауыстырылып, бүгін өткізілді.

    Еске салсақ, бұған дейін танымал қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанат Жақиянов СҚО бокстан олимпиадалық резервтің мамандандырылған жасөспірімдер спорт мектебіндегі сыбайлас жемқорлық дауына қалғанын жазған едік.

    Қазақстандық чемпион қол астындағы қызметкердің жемқорлығы үшін қатаң сөгіс алды. Істің мән-жайы бөлім бастығы Ернар Баянғазин мен бейінді бөлім басшылығының қатысуымен "Антикор орталығы" алаңында қаралды.

    UFC-дегі қазақстандық дебютант Хабибтің інісінен жеңіліп қалды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.