Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мәскеуде оқ жарақатын алған қазақстандық файтер мән-жайды баяндады

Опубликовано:

Бағдат Дүйсембаев
Фото: Instagram/ bagdat_mma

Мәскеуде оқ жарақатын алып, ауруханаға түскен қазақстандық файтер Бағдат Дүйсембаев осы жайтқа қатысты мән-жайды баяндады, деп хабарлайды РЕН ТВ.

Спортшының өзінше, ол достарымен Орджоникидзе көшесіндегі спорт клубына абонемент алуға келген. Осыған дейін клуб файтерлерге картаны жеңілдік арқылы сатуға уәде берген.

Ал көлік тұрағында Дүйсембаев пен оның достарына күзетшілер келіп, спортшылардан көлік кедергі болатынын айтып, бес минуттан соң оны алып тастауды сұраған.

Алайда, абонемент сатуға тиіс болған қызметкерлер дер кезінде келе алмаған.

Дүйсембаевтың сөзінше, осы уақытта күзетшілер жақындап, дөрекі түрде аумақты босатуды сұраған. Тіпті, бірі өзіне оқ жаудырған.

"Мен бір-біріміздің жүйкемізді жұқартпайық дедім. Қазір шешеміз деді. Бес минуттан соң шықты, бір жаққа кіріп, қайта шықты. Қолына тапанша алып, оқтады", - дейді файтер.

Бағдат Дүйсембаев ешкімге қоқан-лоқы көрсетпегендіктен, күзетші оқ атады деп ойламағанын айтады.

"Аспанға атып қорқытатындар көп қой. Солай қорқытпақ болды деп ойладым. Ештеңе сұрамады, сөйлемеді. Оқ жаудыра бастады", - дейді ол.

Қазір спортшы ауруханада жатыр. Дәрігерлер оның кеуде тұсына тиген оқты алып тастаған.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық файтердің Ресей астанасында оқ жарақатын алғанын хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/1956701-maskeude-oq-zaraqatyn-algan-qazaqstandyq-faiter-man-zaidy-bayandady/